Басты бетЖаңалықтарАлдағы уақытта...

Алдағы уақытта сатушысыз дүкендер пайда болады

Қазіргі уақытта Жапония елдің ең ірі бес супермаркет желілерімен өзара келісімге отырды. Nikkei Asian Review басылымының мәліметінше, дүкендер 2025 жылдан бастап ашыла бастайды. Дүкендер тауардағы ақпараттық чиптерді пайдалануға негізделеді. Ал кассалық аппарат автоматты түрде тауар бағасын есептеп береді.

Жоспар бойынша бір чиптің бағасы шамамен 0,09 доллар болмақ. Бұл жаңалықты 50 мың дүкенге орнату үшін 46 млн доллар жұмсалады.

Мұндай жүйені енгізуге басты себеп: Жапониядағы сатушы еңбекақысының жоғарылығы мен жалпы жұмыс күшінің жетіспеуі екен.

ДереккөзNaryk.kz