Жапония Марсқа шағын зерттеу аппаратын жібермек

Оның салмағы бар болғаны 140 келі болмақ. Бұл алдыңғы құрылғылардан он есе жеңіл.

Мұндай аппараттың құны да арзан, небәрі 1-2 миллиард иенді құрайды. Әзірге АҚШ, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері 2020 жылға қарай Марсқа салмағы ауыр зерттеу аппараттарын жіберуге ниеттеніп отыр. Бұл зондтардың біріне жапондық кішкентай аппаратты қондыру жоспарланған. Марс орбитасына шыққан соң ол бөлініп, планетаға жеке өзі қонатын болады.

ДереккөзAkjolgazeti.kz