Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыс тұтанып, өрт шықты.
Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын шарпыған аумақ 1 000 шаршы метрге дейін жетеді.
Өрт сөндірушілер бір тәуліктен астам тереңдігі 4 метрге дейінгі 1 000 шаршы метр аумақтағы қоқыстың жануымен күресіп жатыр. Жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және сөндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.