Басты бетЖаңалықтарАлматыда тағы...

Алматыда тағы қойма өртенді

Алматының Жетісу ауданында есік сақтайтын қойма өртенді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Өрт туралы хабар 11 маусым күні сағат 10.15-те түскен.

Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Аумағы 80 шаршы метр болатын қоймадағы өрт қазіргі уақытта оқшауланған.

Осы минуттарда Жетісу ауданында өрт сөндірушілер қоймалардың бірінде өртті сөндіріп жатыр. ТЖМ күштерімен жақын орналасқан нысандарға өрттің таралу жойылды. Өрт оқшауланды, — делінген хабарламада.