ҰҚК шекара қызметі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кейбір өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдары жиналып қалғанын хабарлады.
Ұзын-сонар кезекке жол жөндеу жұмыстары себеп болған.
Атап айтқанда, «Жібек жолы» өткізу пунктіне іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» бақылау-өткізу пунктінде жол төсемі кеңейтіліп жатыр.
Қазақстандық «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» шекаралық өткелдерінде қайта жаңарту жүргізілуде, ал «Қапланбек» бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық, — делінген хабарламада.
Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.