Басты бетЖаңалықтарФутболдан Қазақстан...

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатынан “қола” жеңіп алды

Футболдан Қазақстан құрамасы Франция құрамасымен Еуро-2024 чемпионатында әуесқойлар арасындағы мини-футболдан қола медаль үшін ойнады. Бұл туралы Sports.kz хабарлап отыр.

Ойын қорытындысында Қазақстан құрамасы Францияны 7:2 есебімен жеңіп, турнирде 3-орын алды.

Бұған дейін ел құрамасы топтық кезеңде бірінші орын алған еді. Содан кейін Словения мен Әзербайжан құрамасын жеңді. Ал финалға шығатын матчта қазіргі чемпион — Румынияға есе жіберді.

Турнир Босния мен Герцеговинде болды. Ойынның үздік қақпашысы Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Рушинас болды.