Алматыда бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Алматыда жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарына байланысты Розыбақиев көшесі жабылады. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» мекемесі хабарлады.

7 маусым түнгі сағат 23.00-ден 8 маусым таңғы сағат 08.00-ге дейін Розыбақиев көшесінің бойы (Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне) дейін көлік қозғалысы шектеледі.  Қозғалыс екі бағытта да жабылады.

Аталған көшедегі жол жолындағы магистральдық құбыр учаскесінде жоспарланған жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.Уақытша қолайсыздыққа түсіністік танытып, көрсетілген аумақты айналып өтудің жолын алдын-ала қарастыруды сұраймыз, — деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да