«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 6, 7 және 8 маусымда ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, көптеген облыстарда жаңбыр жауады: 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда республиканың шығысында күн күркіреп, екпінді жел соғады, солтүстікте, батыста, орталықта, шығыста бұршақ жауады.
Елдің оңтүстігінде күндіз +35…+43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +35…+40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Еліміздің батысында 6-7 маусымда күндіз +30…+38 градус, 8 маусымнан бастап +25…+30 градусқа дейін төмендейді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында күндіз +22…+30-дан +20…+25 градусқа дейін аздап төмендейді, — делінген хабарламада.