Басты бетЖаңалықтарАлматының бас...

Алматының бас ботаникалық бағы бір күнге жабылды

Алматыда ботаникалық бақ бір күнге жабылды. Бұл туралы бақтың баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті бас ботаникалық бақтың қонақтары. 29 мамырда судың жоспарлы тоқтатылуына байланысты ботаникалық бақ жабылатынын хабарлаймыз. Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09.00–ден 21.00–ге дейін жұмыс істейді. Касса 20.00–ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15.00–15.30, — деп хабарлады ботаникалық бақтан.

Айта кетейік, бүгін сағат 08.00–ден 20.00–ге дейін Алматының Бостандық, Алмалы, Әуезов аудандарында су беру тоқтады.