«Алматы Су» кәсіпорны Түрксіб ауданында суық су болмайтынын хабарлады. Аудан аумағындағы сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
30 мамырда сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін су құбыры желілеріндегі технологиялық жабдықты ауыстыру және жаңа су құбырын сумен жабдықтау жүйесіне қосу жөнінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған байланысты, Нижняя Пятилетка тұрғын алабындағы Энгельс-Волгоградская Радус Зенкович – Спасская – Бекмаханов көшелерінің контурында суық сумен жабдықтау уақытша шектеледі. Лермонтов – Волгоградская-Нұрсая, Спасская көшелері шаршысында орналасқан тұтынушыларда су қысымының төмендеуі күтілуде. Бекіткіш жабдықтарды және өзге де технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды уақтылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.