18 сәуірдегі ауа райына болжам

Жамбыл облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с болып, кей жерлерде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында да тұман күтіледі, күндіз желдің екпіні 25 м/с болады.

Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аймақтарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының бірқатар аудандарында тұман түссе, Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында найзағай күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде де тұман түсуі мүмкін.

Ал Астана қалсында күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Ауаның температурасы түнде +1+3°С, күндіз +13+15°С болады.     

Алматы қаласында күндіз бұлтты болса, түнде жаңбыр жауады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С болады.