Алматы әкімі Ерболат Досаев ТЖМ сейсмологиялық бақылау және ұлттық ғылыми зерттеу орталығының материалдық-техникалық базасымен танысып, түйткілді мәселелерді тыңдады.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
1986 жылы салынған орталық ғимараты ешқашан жөнделмеген, кейбір жабдықтар ескірген, сонымен қатар маман тапшылығы мәселесі бар.
Біз ғимаратты қала бюджеті есебінен жөндеу туралы шешім қабылдадық. Сонымен қатар ғылыми зерттеулерге шамамен 2 миллиард теңге бөлінеді, бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, жаңа кадрлар тартуға мүмкіндік береді, — деді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, бұл орталық қала үшін ғана емес, бүкіл ел үшін өте маңызды, сондықтан ол әлемдік стандарттарға сай болуға тиіс.