Алматыда элиталық Pine Hill клуб үйінің үшінші қабаты сот шешімі бойынша бұзылады. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.
Басқарманың мәліметінше, Ерменсай шағын ауданы 7 бұрыш, 8/1 учаскедегі тұрғын үй кешенінің үшінші қабатын бұзу жұмыстары басталатынын мәлімдеді.
Тапсырыс беруші (жеке тұлға) екі қабатты үйдің құрылысына рұқсат құжаттарын алған, бірақ ол қосымша тағы бір қабат тұрғызған, бұл жоспардан тыс тексеру барысында анықталды. Соның нәтижесінде меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 316-бабы 1, 462-бабы 3 бойынша әкімшілік шара қабылданды, — делінген хабарламада.
Басқарманың талап-арызы бойынша сот талқылауларының қорытындысына сәйкес, 2022 жылғы 15 маусымда Алматы қалалық соты 3-қабатты бұзу туралы шешім шығарды. Нысанды бұзу бүгін әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен басталды. Төменгі қабаттарға зақым келтірмеу үшін қолмен бұзылады.
Жер учаскелерінің меншік иелері мен құрылыс компанияларын ҚР сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңның және құрылыс салуды ұйымдастыру ережелерінің бұзылуына жол бермеуге және құрылысты тек заңды негізде бастауға шақырамыз. Олай болмаған жағдайда сот сатысында істерді қараумен және кейіннен бұзудың жоғары ықтималдығымен заңнама аясында жауапкершілік қауіп төндіреді, — делінген хабарламада.