Алматыда 100-ден астам жер учаскесі иеліктен шығарылады

Алматыдағы әуежайды кеңейту үшін жер телімдері кері қайтарылады. Әуе қауіпсіздігін қамтамасыз ету масқатында тура сондай шаралар Алматы облысы мен Шымкент қаласында атқарылады. 

Бұл туралы депутаттардың сауалына жауап берген вице-премьер Роман Скляр айтты.

Қазіргі кезде Алматы әкімдігі әуежайдың ұшу жолағын кеңейту шараларының жоспарын бекітті. Оған сәйкес, жалпы көлемі 17,4 гектар болатын 104 жер телімін иеліктен шығару жоспарланып отыр.

Мысалы, Алматы аэродромының қоршауын ауыстыру үшін қазіргі тұрған жерінен шамамен 60 метрге ары қарай 49 жер телімі иеліктен шығарылады, — дейді Скляр.

Алматы облысының әкімдігі 7,3 гектар жерді мәжбүрлі түрде иеліктен шығаруға қаулы қабылдады. Ал Шымкентте санитарлық қорғау аймағына кіріп кеткен 307 жер телімі мемлекет қажеттіліктері үшін кері қайтарылады.

Басқа аймақтарда әкімдіктер иеліктен шығарылатын жер телімдерін анықтауға кірісті.