Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

©Inform.kz
20 мамырда еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, тек Ақтөбе және Ақтау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақалаға реакция