«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, Алматыда 16 мамыр күні кешке нөсер жаңбыр жауады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады.
2 300 қап құм дайындалды. Қажет болған жағдайда жұмысшылар мен арнайы техниканың саны ұлғаяды. Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік қойылады.
Коммуналдық қызметтердің күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және қоқыстар жиналған жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілді. 15 мамырдағы жағдай бойынша шамамен 865 тонна қоқыс, лай сыртқа шығарылды. Барлық арық желісі тазартылды.
Су басып қалуды болдырмау үшін қала тұрғындарынан арықтарға, нөсер ағындары мен каналдарға қоқыс тастамауды сұраймыз. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, — делінген хабарламада.