Ақмола облысы аумағындағы су тасқынының жағдайы

Атбасар ауданында мұздың массасын қопсыту және ұсақтау үшiн Жабай және Жыланды өзендерiнiң аранасына жару жұмыстары өткiзiлдi, 604 кг жарылғыш заттар пайдаланылды. Шлюздердi нығайту үшiн ыдыс қаптарды қалау бойынша жұмыстар жүргiзiлдi, 5050 қап инерттi материалдар қолданылды. Сондай-ақ, Атбасар қаласында Ибаррури к-сi бойынша және ЖБК кентiнде су деңгейiнiң көтерiлуiн мониторингтеу үшiн мобильдi бекет қойылған. Тәулiгiне аудан бойынша 6800 м3 су тартылып шығарылды.

Сонымен қатар, «Көкшетау — Атбасар» 165 км. трассасында тереңдiгi 20 см ұзындығы 5 метр автожолы арқылы ерiген қар суы асып төгiлiп кеттi. Қозғалысты қалпына келтiру үшiн, 20 тонна инерттi материалдарды төгу арқылы ерiген қардың суын бұру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Жұмыстар аяқталып, қозғалыс қалпына келтiрiлдi.

Есiл ауданында 00 сағат 40 минутта Чапаев су қоймасының төгiндi судың артуына байланысты, Есiл ауданы Ленинское ауылы Қызыл Су маңында су деңгейi көтерiлдi. Өзендегi судың сыни көтерiлу деңгейi 5,5 м3 құрады, осыған байланысты тасқын суы Ленинское ауылының тұрғын үйлерiне жақындады. Адам шығынын болдырмау үшiн, Есiл ауданының төтенше жағдайлар бөлiмi жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп Ленинское а. (186 адам) тұрғындарын Есiл ауданы Красивое а. орта мектебiне эвакуациялау жүргiзу туралы шешiм қабылдады. Қазiргi уақытта Ленинское а.су басу қауiпi жоқ, тұрғындар үйлерiне қайтарылды.

Ақмола облысында ықтимал су тасқынының қолайсыз дамуына жол бермеу мақсатында, Төтенше жағдайлар департаментi жергiлiктi атқарушы органдар, Жергiлiктi полиция қызметiмен бiрлесiп, көктемгi кезеңдегi төтенше жағдайлардан елдi мекендердi инженерлiк қорғау бойынша барлық қажеттi шаралар қабылданды.