Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті. 10-20 мамыр аралығында Алматы полициясы күшейтілген түрде қызмет етеді. Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге ұлттық ұланның әскери қызметшілері, полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында полиция жасақтарының тығыздығы арттырылды. «Қылмысқа мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралайды, — делінген хабарламада.