Қазақстанда жылу желілерінің 53%-і тозған

2030 жылға дейін тозығы жеткен жылу желілерін 43%-ке азайту жоспарланып отыр. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 13 мың шақырым болды. Олардың 53%-і тозған және шамамен 7 мың шақырым ауыстыруды қажет етеді. Атап айтқанда, жылу желілерінің Павлодар облысында (Екібастұз – 91%, Павлодар – 83%), Ақмола облысы (Степногорск – 82%, Атбасар-76,5%), Солтүстік Қазақстан облысы (Петропавл-74%), Қостанай облысы (Арқалық – 68%, Рудный – 68%), Маңғыстау облысы (Ақтау – 71%) және Қарағанды облысы (Теміртау – 67%) тозығы жеткен, — деді Қанат Шарлапаев үкімет отырысында.

Сонымен қатар министр 2030 жылға дейін жылу желілерінің тозуын 43%-ке төмендету қажеттігін айтты.

Ол үшін жыл сайын шамамен 350 шақырым жылу желілерін жөндеу қажет. Оған жылына шамамен 250 миллиард теңге қаражат керек. Былтыр қаржыландыру көздері есебінен 336 шақырым жылу желілері жаңғыртылды, — деді ол.