Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 439-444 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,1-442,9 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 439,03-444 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 439,43 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,82 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,71-4,81 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,72-4,82 теңгеден сатылып жатыр.