Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен әскери парадқа қатысты

Президент жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Парадты Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь елінің басшысы Александр Лукашенко, Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады.