Құлсарыда дезинфекциялау жұмыстары басталды

Атырау облысы Құлсары қаласында тасқын су салдарымен күрес жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді.

Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 20 үйден су сору жұмыстарын жалғастырылып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деді Асқар Шәріп орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.