Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 442-447 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444,5—446,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 442—447 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 444,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,85 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,76—4,78 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,73—4,83 теңгеден сатылуда.