Қазақстанда жойқын су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу жалғасып жатыр.
Үкімет аталған жұмысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырып жатыр.
Республиканың зардап шеккен аймақтарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтінішін беріп жатыр. Бүгінгі таңда 24 835 өтінім қабылданды.
Биылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша 16 168 отбасы 5,7 миллиард теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды.
Мал басының шығыны үшін берілетін төлем көлемі 916 миллион теңгеден асты.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 4 556 тұрғын үй тексеріліп, 2 845 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге және тұрғын үйді қалпына келтіруге 696 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.
Аталған көмек 530 отбасын қамтыды.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында тағы 53 отбасыға қираған баспаналарының орнына үйлер мен пәтерлер берілді.
Залалды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және үкіметтің қатаң бақылауына алынған.
Ел президентінің тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.