15-17 сәуірдегі ауа райына болжам

Қазақстанға бірінен кейін бірі алмасқан циклондар Ресей мен Жерорта теңізінің еуропалық бөлігінен  жылжыуда. Сондықтан, демалыс күндері еліміздің көптеген облыстарында тұрақсыз ауа-райы сақталып жиі-жиі жаңбыр жауып, екпінді жел соғып, кей жерлерде өте қатты болады деп күтілуде.

Оңтүстік-батыстан  және батыстан әуе массасының  келуімен баланысты, ауа температурасы төмендеп жауын-шашынды болады, бірақ қалыпты нормадан 2-5ºС жоғарыда болып сақталады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, облыстарының түнде кей жерлерінде  жел 15-20, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-22 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, күндіз  Оңтүстік Қазақстан, Павлодар,Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады. Жамбыл, Шығыс Қазақстан  облыстарының түнде кей жерлерінде тұман бақыланады,күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Астанада ауа райы көшпелі бұлтты, күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с,күндіз екпіні 15-20 м/с болады.  Ауаның  температурасы түнде +1+3°С, күндіз +14+16°С болады.                 

Алмтатыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +4+6°С, күндіз +20+22°С болады.

ДереккөзKazhydromet.kz