Елімізде тасқын судың алдын алу мен салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Асқар Шәріп орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Республика бойынша 7 048 жеке тұрғын үй мен 2 834 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды, 38 859 адам үйлеріне оралды. 6 707 адам эвакуациялау пункттерін паналап жатыр. Эвакуациялық пункттерде төтенше жағдайлар департаменттерінің, ТЖМ апатар медицинасы орталығының психологтары мен медициналық қызметкерлері тұрғындарға кеңес, қолдау көрсетіп жатыр, — деді Асқар Шәріп Орталық.
Оның айтуынша, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 19 мыңнан астам адам, 2 694 техника, 327 су сору құралы және 231 жүзу құралы және жеті әуе кемесі жұмылдырылды, — дейді министрліктің ресми өкілі.