Еліміздің екі өңірінде жоғары өрт қаупі бар. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста бұршақ түседі. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифиңде.