Батыс Қазақстан облысындағы 11-ден астам елді мекенді Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басуы мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Осыған байланысты ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов өңірде екі тәулік бойы әр ауылды аралап, үйінді бөгеттердің жай-күйін тексерді. Ведомство басшысы Бөрлі, Январцево, Рубежинское, Озерное, Володарское, Байқоныс, Жайық және тағы басқа ауылдарда болды.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері өңірде 100 шақырымнан астам қорғаныс жер бөгеттері салынған.