Алматы облысында синтетикалық есірткі зертханасы анықталды

ҰҚК-ның Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады.

Тінту барысында 25 килограмға жуық синтетикалық есірткі, бір тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сонымен қатар шетел валютасындағы ірі көлемдегі ақшалай қаражат алынды, — деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.