Басты бетЖаңалықтарБатыс Қазақстанда...

Батыс Қазақстанда мыңдаған саяжай үйді су басты

Батыс Қазақстан облысында 3 300-ге жуық саяжай үйін тасқын су басты.
Өңірлік ТЖД ақпаратынша, облыста 21 жол төсемін су шайып кеткен. Қазір бұл учаскелер бақылауға алынды.
Тоғыз елді мекенмен (Қаратөбе ауданы: Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамысауылдары, Шыңғырлау ауданы: Ақтау ауылы) көлік қатынасы үзілді.

Жергілікті ауқымда алты аймақта төтенше жағдай (БҚО, Орал қаласы, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандары) жарияланды. Саяжай аумағындағы 3 294 үйді су басты, — делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілу қаупі сақталып отыр. Қазір өңірде қапшық төсеп, қорғау бөгеттерін салып және су басқан аумақтан су айдап жатыр.
Құтқарушылар барлығы 13 777 адамды эвакуациялады, оның ішінде 5 717 бала бар.