Алдағы аптада еліміздің біраз өңірінде жаңбыр жауады

Алдаға аптада еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қазақстан аумағында қар басып жатқан жердің жалпы ауданы  — 3%. Қар жамылғысы негізінен Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының орманды және таулы аймақтарында сақталған. Синоптикалық болжамға сәйкес, 20-26 сәуір аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, тек кей күндері жауын-шашынсыз өтуі мүмкін, — делінген деді баспасөз хатшысы Алина Исмагулова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, аптаның басында және ортасында Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр болуы ықтимал. Апта аяғында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі кезде қар аралас жаңбыр жауады.

Сонымен қатар 23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында нөсер жауын болуы мүмкін, — деді Қазгидромет өкілі.