Есіл өзені арнасынан асуы мүмкін

Синоптиктер еліміздің оңтүстік-шығысы мен оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр, солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын жауатынын болжап отыр. Қала берді, найзағай, тұман, жел күшейіп, елдің оңтүстігінде дауыл болады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова алдағы ауа райы болжамымен бөлісті.

Өткен тәулікте бес облыс бойынша төрт гидрологиялық дауылды ескерту жарияланды — Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Түркістан және Алматы облыстарында. Солтүстік Қазақстан облысында 15-19 сәуір аралығында Ақмола облысынан Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендерінен жанама ағындардың келуіне байланысты Есіл өзені бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын және Есіл аудандарында су деңгейінің көтерілуі, су тасқынының екінші толқыны және қауіпті деңгейден асуы күтілуде, — деді ол.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан және Абай облыстары Ертіс-Абылайкит өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі 313 см құраған (шекті деңгей 300 см).

16-17 сәуір аралығында Түркістан облысының беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіліп отыр.