Ереванда Қазақстан президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Арменияның мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.

Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекет басшысы мен Армения премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.