Басты бетЖаңалықтар"ҚазАвтоЖол" су...

«ҚазАвтоЖол» су басқан жолдарды атады

Республикалық маңызы бар 13 жолда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми өкілі Сәкен Ділдахмет айтты.

2024 жылғы 12 сәуірдегі сағат 09.30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан төрт облыста — Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО-да сегіз жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8 485 метр болатын су тасқыны орын алды, — деді Сәкен Ділдахмет орталық коммуникациялар қызметіндегі брифиңде.

Оның айтуынша, алты облыста — Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО-да республикалық маңызы бар ұзындығы 618 шақырым 13 автомобиль жолдарында көліктің барлық түрінің қозғалысына келесі жолдарда шектеу қойылды:

Ақмола облысы:

  • «Көкшетау-Атбасар» тасжолының 120-184 шақырымы;
  • «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 856-917 шақырымы.

Ақтөбе облысы:

  • «Қандыағаш — Ембі — Шалқар — Ырғыз» тасжолының 3-92 шақырымы.

3. Атырау облысы:

  • «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» тасжолының 4-119 шақырымы;
  • «Мұқыр — Құлсары» тасжолының 0-136 шақырымы.

4. Қостанай облысы:

  • «Мариновка ауылына кіреберіс» тасжолының 0-9 шақырымы;
  • «Денисовка Тавриченка — Аршалы — Комаровка» тасжолының 42-96 шақырымы,
  • «Қостанай — Жақсы — Қарабұтақ — Қостанай» тасжолының 4-5 шақырымы.

5. Маңғыстау облысы:

  • «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» тасжолының 210-220 шақырымы.

6. Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» тасжолының 0-47 шақырымы;
  • «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 869-875 шақырымы;
  • «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 835-856 шақырымы;
  • «Челябинск-Новосибирск» тасжолының 525-530 шақырымы.