Басты бетҚоғамЕлорданың тұрғын...

Елорданың тұрғын алаптарында қандай концерттік бағдарламалар өтеді?

21-22 наурыз күндері елорданың бес ауданының тұрғын алаптарында интерактивтермен өтетін концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, Наурыз мерекесі аясында елордада 200-ге жуық іс-шара өтіп жатыр. Қала тұрғындары концерттерге, мерекелік бағдарламаларға, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша спорт жарыстарына, халықтық мерекелерге және т.б. қатыса алады.

21-22 наурыз күндері 5 ауданда тұрғындар үшін шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен концерттік бағдарламалар әзірленіп отыр. Сонымен қатар, спорттық ойындар мен арнайы тақырыптарға негізделген фотоаймақтар ұйымдастырылады.

Байқоңыр ауданы бойынша ашық аспан астындағы іс-шаралар мына орындарда өтеді:

— 21 наурыз күні сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін Қазқалашықтағы №55 мектеп аумағында;
— 21 наурыз күні сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін Жезкиік көшесі, 19 мекенжайындағы орталық алаңда;
— 21 наурыз күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Кеншілер көшесі, 5 мекенжайындағы орталық алаңда;

— 21 наурыз күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Қоянды саяжай алабында;
— 22 наурыз күні сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін Өндіріс тұрғын алабында, Ақбидай көшесі, 6;
— 22 наурыз күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Кирпичный тұрғын алабында, Жолымбет пен Чехоев көшелерінің қиылысындағы орталық алаңда.

Есіл ауданы бойынша мерекелік бағдарлама Сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін Пригородный тұрғын алабындағы Арнасай көшесі, 127 мекенжайында орналасқан N24 орта мектебінде өтеді.

Қонақтар арасында арқан тарту, асық ату, қол күрес, гір көтеру секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

Нұра ауданында концерт 21 наурызда Үркер тұрғын алабындағы Айғыржал көшесінде орналасқан гүлзарда өтеді.

Сарыарқа ауданы бойынша мына орындар белгіленді:

— 21-22 наурыз – Көктал саябағы, С.Бейбарыс көшесі;
— 22 наурыз – Қорғалжын саябағы, Құсмұрын көшесі, 2;
— 22 наурыз – Оқжетпес сквері, Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысы.

Алматы ауданы бойынша:

— 21 наурыз – Интернациональный тұрғын алабы;
— 21 наурыз – Мичурино тұрғын алабы;
— 21 наурыз – Железнодорожный тұрғын алабы;
— 21 наурыз – Өнеркәсіп тұрғын алабы;
— 21 наурыз – Күйгенжар тұрғын алабы.

Сонымен қатар, елордада еріктілер ыстық шай мен бауырсақ тарату бойынша акциялар өткізеді, олар қар күреуге көмек көрсетеді, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға азық-түлік себеттерін тасымалдайды. Елордада игі істер марафоны да өтіп жатыр. Акцияның басты мақсаты еріктілер мен өзге де тұрғындардың мұқтаж азаматтарға барынша көмек көрсету мүмкіндігін беру.

Осы жұмыс аясында 1000-нан астам азық-түлік жиынтығы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, көпбалалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер және толық емес отбасылар сияқты халықтың әлеуметтік осал топтарына таратылды.