14 сәуірдегі ауа райына болжам

«Казгидрометтің» хабарлаынша, бүгін Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей уақытта 30 м/с жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар аймақтарда жел  соғып, екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда облысының аймақтарында тұман болып, жел 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз шаңды дауыл көтеріледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Ақтөбе облыстарында тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с болуы ықтимал.