Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Екі қалада метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Фото: Depositphotos.com
11 сәуірде еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, тек Алматыда және түнде Атырауда ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақалаға реакция