Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен бейресми кездесу өткізеді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың ауқымды мәселелерін, сонымен қатар өңірлік күн тәртібін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Шымкент–Самара» тасжолында болған жол апатынан Өзбекстанның сегіз азаматының қаза болуына байланысты Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты.