Қазақстанның алты облысында республикалық маңызы бар сегіз жолда автокөлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, алты облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар сегіз автомобиль жолдарында (ұзындығы 398 км) қозғалыс шектелді.
5 сәуір сағат 09.00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруінен үш облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) алты жол жүру учаскесінде (жалпы ұзындығы 3 280 метр) су тасқыны болды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарға 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылды.