Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 445–447,7 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 5 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 446,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,75 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445–447,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447,7-449,2 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,75–4,9 аралығында саудаланып жатыр.