Бүгін сенаттың жалпы отырысында жоғарғы соттың судьялары қызметінен босатылды.
Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп екі судья қызметінен босатылуы керек екенін айтты.
Әбдірашид Төлегенұлы Жүкенов және Зәуре Балғазықызы Кейкібасова зейнет жасына жеткен. Судьялық қызметте мол тәжірибесі бар. Олар судьялық қоғамдастық арасында мәртебелі беделге ие, — деді Д. Шипп.
Палата депутаттары аталған ұсынысқа қатысты шешім қабылдап, Ә. Жүкенов пен З. Кейкібасованы қызметінен босатты.