Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды

Алматыда өткен іріктеу кезеңіндегі соңғы ойында отандастарымыз Чехия құрамасын ұтты. Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің төртінші тобындағы ойындар Алматыда өтті.

Топтағы шешуші ойында отандастарымыз чехтарды 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Ойында Дуглас дубль авторы атанса, бір голды Михаил Першин соқты.

Айта кетейік, осыған дейін футзалдан Қазақстан құрамасы Македония мен Дания құрамаларын ұтқан еді. Екінші орын алған Чехия қосымша жолдамаға таласады.

Футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионаты  30 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Словения елінің астанасы Люблянада өтеді.

ДереккөзVesti.kz