Басты бет / Жаңалықтар /
408dba347082396b100ae0748536a3b7 Әскери ұшқыштар Қоғалы ауылынан 68 адамды эвакуациялады
Видео скрині

Әскери ұшқыштар Қоғалы ауылынан 68 адамды эвакуациялады

Қарулы күштердің тікұшағы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қоғалы ауылынан 68 адамды көшірді.

Қобда ауданы Қоғалы ауылында зардап шеккендерді эвакуациялау аяқталды.

Әуе қорғанысы күштері әскери институты ұшқыштарының экипажы ауылдың 68 тұрғынын Қобда ауданының орталығына көшірді.

Қобда мектебіне 29 ересек адам мен 37 бала орналастырылды, оның екеуі — нәресте.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысы бойынша Қобда, Ойыл, Әйтеке би, Мұғалжар, Темір аудандары мен Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланған еді.

Үйінен көшірілген адамдар қазір мектептерді паналап отыр. Ол мектептер ертеңнен бастап сабақты онлайн өтеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook