Алматы облысында су қоймасының бөгеті бұзылды

Іле ауданы Байкент ауылдық округіндегі Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысының әкімдігі қазір жағдай тұрақты екенін хабарлады. Оқиға орнына ТЖД бастығы мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев келді.

Қазіргі уақытта жақын елдімекендерді су басу қаупін нақтылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасымен және ары қарай тоғандармен кетеді. Онда транзиттік режимде суды ағызу үшін барлық шлюз ашық тұр. Қауіп төніп тұрған жоқ, — деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.