Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Отбасының әр мүшесіне 100 мың теңгеден беріледі. 183 адам төлем алды. Шамамен бір отбасыға орта есеппен 500-600 мың теңге бөлінеді. Барлығы 18 млн теңгеден астам төленді. Үйге жарты сағатқа су кірсе де, бұл отбасылар зардап шекті. Ешкім мемлекеттің көмегінсіз қалмауға тиіс, — деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Желіде өтемақының аз екенін жазып жатқандар да бар.