Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты жиналыс өткізеді

Бұл туралы «Aqorda» Telegram-арнасы жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бүгін мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін премьер-министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді, — деп жазды Telegram-арна.

Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланатыны туралы да жазылды.