Головкин Сондерспен өтетін жекпе-жектен бас тартты

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жектің пайдасына маусым айында ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен өтетін кездесуден бас тартты, — деп хабарлайды Vesti.kz дереккөздерге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Головкиннің командасы орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Сондерспен келіссөздер жүргізген. Олардың жекпе-жегі Қазақстанда 10 маусымға белгіленген болатын. Алайда көптеген дереккөздегі мәліметтерге сүйенсек, Головкин қыркүйек айында мексикалық боксшымен өтетін жекпе-жек үшін маусымдағы кездесуден бас тартып отыр. Тараптар қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен келіссөздердің созылып кетуін Головкиннің жарақат алуымен байланыстырған еді. Алайда қазақстандықтың бапкері Абель Санчес бұл мәліметті жоққа шығарған болатын.

Ал «Канелоның» промоутері Оскар Де Ла Хойя болса, Головкиннің маусымда жекпе-жек өткізу туралы жоспарын қолдамайтынын бірнеше рет мәлімдеген еді. Промоутердің айтуынша, Головкин маусымда өтетін кездесуде жарақат алып қалып, қыркүйекте мексикалықпен жұдырықтаса алмай қалуы мүмкін.

ДереккөзVesti.kz