Басты бетЖаңалықтарОқушылар Samsung...

Оқушылар Samsung Innovation Campus-тың бағдарламалауға қатысты тегін курсына қатыса алады

Қазақстандық жастар цифрлы технологияны, бағдарламалау негізін тегін үйрене алады. Оларды Samsung Electronics компаниясы оқытады.

Бағдарлама Samsung Innovation Campus деп аталады. Ол Қазақстанда 2017 жылы іске қосылды. Бүгінге дейін бағдарлама аясында мыңдаған азамат ІТ саласына қатысты білімін жетілдірді. Курс қазақ тілінде өтеді. Бағдарламаға 13-25 жастағылар қатыса алады.

Мен екi бағытта оқыдым — Android Java Developer және Python Developer. Осыған дейін әртүрлі курстн өткенмін, бірақ Samsung Innovation Campus мені қатты таңғалдырды. Мен екі тамаша ұстаздан – Жұлдыз мен Ильядан білім алдым. Екеуі де — мәселелерді шешудің әдеттен тыс әдістерін ұсына алатын кәсіби мамандар. Солардың көзқарасының арқасында ғана қажетті білімге қол жеткіздім, – дейді курсқа қатысқан Алмаз Лашын.

Курс онлайн және оффлайн режимде өтеді. Азаматтар онлайн-курсқа Google Meet қосымшасы арқылы қатысады. Ал оффлайн-курс Samsung Innovaiton кампусындағы мамандандырылған сыныптарда — Алматыдағы ҚазҰУ-да, Астанадағы IT университетінде, Ақтөбедегі Ахмет Жұбанов университетінде, Талдықорғандағы Жастарды қолдау орталығында өтеді. Уақыты таңдалған курсқа байланысты.

Курсқа мына сілтеме арқылы тіркеле аласыз және толық ақпарат ала аласыз: https://samsung-campus.kz/#faq