Алматы мен Астанадан Үржарға әуе рейстері ашылады

Qazaq Air 1 маусымнан бастап Алматы мен Астанадан Үржарға әуе рейстері ашылатынын хабарлады.

Туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстер аптасына төрт рет жаңа de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесімен орындалады.

Сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері:

  • IQ 505 Астана (08:25) — Үржар (10:10);
  • IQ 506 Үржар (14:30) – Астана (16:10);
  • IQ 363 Алматы (12:40) — Үржар (14: 00);
  • IQ 364 Үржар (10:50) – Алматы (12: 10);

Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтында, сонымен қатар әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.

Компания мамандарының айтуынша, мұндай бағыттарға сұраныстың артуы ішкі туризм мен іскерлік белсенділіктің жоғары әлеуетін көрсетіп отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да