Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» Алматы, Астана және тағы екі қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті.

2024 жылғы 18 наурызда Павлодар, Қарағанды, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.